Елордада ІТ-колледж ашылады

650

Елордада ІТ-колледж ашылады. Бұл туралы Astana IT University ректоры Дархан Ахмед-Зәки айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада ІТ-колледж ашылады

"Біз Зерде холдингі үшін кадрларды даярлау ісіне жауаптымыз. Бізде қазіріг уақытта 1800 студент оқиды. Биыл 1500-ге тарта студент жинауды көздейміз. Өткен жылы негізгі екі мақсатқа қол жеткіздік: біз зерттеу жұмысының толыққанды циклін жолға қойдық. Биыл магистратураны ашуды көздедік. Сонымен қатар кадрларды даярлау үшін алда біршама жұмысты тындыру керектігін білеміз. Таяуда ІТ-колледж ашамыз. Қазақстанда қазіргі уақытта кадрларды даярлау ісі практикалық жұмыстарға зәру екенін сеземіз. Трансформацияны зерттеу мен білім беру жолымен жүргізіміз келеді", - деді Дархан Ахмед-Зәки Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жас буын Қазақстанның нарығында жұмыс істеп қана қоймай, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар деңгейінде жұмыс істей білуі тиіс.

"Қазір біздің студенттер Қазақстанда да, шетел нарығында да еңбек етуде. Германия, Оңтүстік Корея, ТМД елдеріндегі серіктестермен тығыз жұмыс ретке келтірілген. Себебі бүгінгі таңда университеттер – инновация генерациясының қозғаушы күшіне айналуға тиіс", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу