ЕХРО 2017 көрмесінің аумағында орналасқан Энергия-холда Италияның белгілі пианисі Андреа Луккезини өнер көрсетті, деп хабарлайды khabar.kz.
Жеке орындаудағы концертті Қазақстан Республикасы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Андреа Луккезини Бетховен шығармаларын терең түсінетін музыкант ретінде танылған. Пианист Марио Типподан тәлім алып, жас кезінен әлемдік сахналарға шықты. Ла Скалада "Диндо Чьяни" байқауының жүлдегері атанды.
Астана жұртшылығы мен қонақтары концерт барысында Луккезини орындауындағы бірнеше шығармаға тәнті болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу