Елордада ІV Халықаралық автомобиль көрмесі басталды

569

Айтулы шараға 9 елден 130 ірі компания өкілдері қатысуда.

Елордада ІV Халықаралық автомобиль көрмесі басталды

Елімізде автокөлік бөлшектерін шығару қолға алынады. Бұл  турасында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша бұл бірінші кезекте отандық көліктердің бағасын төмендетуге септігін тигізеді. Қазірдің өзінде елдегі автозауыттардың үлесі 40 пайыздан асқан.

Жауапты ведомство  импортты азайтып, отандық автокөлік экспорты жыл соңына дейін 50 пайызға дейін өседі деді.

Шетке шығарылатын отандық марканың үлесі қазір 30 пайыз деңгейінде. Яғни соңғы 7 жылда сыртқа тауар шығару 12 пайызға артқан. Ал былтыр 267 техника сыртқа сатылыпты.

Айта кетейік бүгін елордада 4-ші Халықаралық автомобиль көрмесі басталды. Айтулы шараға 9 елден 130 ірі компания өкілдері қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу