Елордада Jastar Fest фестивалі өтеді

398

Халықаралық Жастар күніне орай арналған Jastar Fest фестивалі 12 тамызда өтеді.

Елордада Jastar Fest фестивалі өтеді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Jastar Fest 11 тамыз күні кешкі сағат 19:00-де Есіл жағалауындағы амфитеатрда басталады. Іс-шараны елорда әкімдігінің "Астана жастары" ЖРО ұйымдастырады.

Жоба жастардың өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын ынталандыруға, ұлттық және азаматтық сана-сезімді, патриотизмді арттыруға, өскелең ұрпақтың белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымын дамытуға, жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын қолдауға және іске асыруға бағытталған.

Фестиваль аясында танымал тұлғалар өз тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ эстрада мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, сыйлықтары бар шағын конкурстар өтеді, іс-шара соңында байқаудың Instagram жеңімпаздарын жариялайды.

Jastar Fest жастардың кең аудиториясын ынталандыра түседі деп күтіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу