Елордада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды

127

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Елордада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды Фото: inbusiness.kz

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ бұған дейін Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы хабарлаған болатын. Бұл ретте Қабанбай батыр/Сығанақ және Қабанбай батыр/Керей Жәнібек хандар қиылыстары ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 мамыр күні сағат 22:00-ден бастап 31 мамырдың сағат 8:00-ге дейін Қабанбай батыр/Сығанақ қиылысы толығымен жабылатынын хабарлаймыз.

"Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу