Елордада қайғылы жол апаты орын алды

554

Алған жарақаттардан жаяу жүргінші бүлдіршін қайтыс болды.

Елордада қайғылы жол апаты орын алды

16 тамызда Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті тұраққа қою кезінде баланы қағып кеткені анықталды. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу