Елордада қала бөлігінің орналасуын өзгерту бойынша қоғамдық талқылаулар өткізіледі

403

Қоғамдық талқылауды 16-21 тамыз аралығында өткізіледі.

Елордада қала бөлігінің орналасуын өзгерту бойынша қоғамдық талқылаулар өткізіледі Фото: gov.kz

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі мәлім етті.

Астанада Жеңіс және Бөгенбай Батыр даңғылдарының, Достық және Қабанбай батыр даңғылдарының, Қорғалжын тас жолының, Анатолий Храпатый, Әбубәкір Тыныбаев, Шарль де Голль көшелерінің, Тәуелсіздік даңғылының қиылысы учаскелерінің аумағында егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өткізіледі. Мұнда гүлзарлар, жағалаулар және басқа да қоғамдық кеңістіктер мен ғимараттар салу жоспарланып отыр. Талқылаулар 2023 жылдың 16-21 тамызы аралығында сағат 10:00-17:00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13:00-14:30-ға дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері) Республика даңғылы, 32, 1-қабат мекенжайы бойынша өткізілетін болады.

Қоғамдық талқылауды 16-21 тамыз аралығында елордалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, сондай-ақ Есіл, Нұра, Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр аудандары әкімінің аппараттары өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу