Елордада қала күні қарсаңында Ұлттық домбыра күніне арналған "Асыл мұра" концерті өтеді

294

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан мәдени жобасы биыл бесінші мәрте ұйымдастырылады.

Елордада қала күні қарсаңында Ұлттық домбыра күніне арналған "Асыл мұра" концерті өтеді Фото: canva

Астана күні мерекесі қарсаңында елордада Ұлттық домбыра күні аясында "Асыл мұра" концерті өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Асыл мұра" – ұлттық өнердің тарихи-мәдени құндылығын, өңірлік орындаушылық мектептердің сабақтастығын және домбыра мұрасының қазіргі мәдени кеңістіктегі маңызын көрсетуге бағытталған.

Шараның мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі музыка өнерін дәріптеу, сирек орындалатын шығармаларды жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Концерт барысында қазақтың дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің Арқа, Сыр, Жетісу, Алтай-Тарбағатай және Батыс мектептері кеңінен таныстырылып, бес орындаушылық мектептің ерекшелігін айқындайтын әндер, жырлар мен күйлер орындалады.

Мәдени шараға белгілі өнер қайраткерлері мен дәстүрлі өнер өкілдері қатысады. Олардың қатарында Сержан Мұрсайын, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Бейбіт Мұсаев, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, Алмас Алматов, Елмұра Жаңаберген, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Айгүл Қосанова, Дастан Есентеміров, Айгүл Елшібаева, Қазбек Әдікей, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Гүлмира Сарина бар.

Сондай-ақ концертте "Қорқыт" ансамблі, "Шалқыма" би ансамблі, "Дала Sound" квартеті және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның хоры өнер көрсетеді.

Мәдени шарада заманауи цифрлық технологиялар, заманауи мультимедиалық визуализация мен жасанды интеллект элементтері қолданылады.о 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу