Елордада қала күніне орай 16 іс-шара жоспарланған

765

Мерекелік бағдарламалар жабық залдарда емес, ашық аспан астында ұйымдастырылмақ. 

Елордада қала күніне орай 16 іс-шара жоспарланған

Ауырғандар күн санап, артып жатса да Астана күні тойланатын болды. Тұңғыш Президенттің туған күніне тұспа-тұс келетін мейрамда барлық санитариялық шаралар сақталады, дейді әкімдіктегілер.

Биыл елорданың сарыарқа төріне көшкеніне 22 жыл толады. Даталы күнде бас қалада 16 іс-шара жоспарланған. Коронавирус салдарынан мерекелік бағдарламалар жабық залдарда емес, ашық аспан астында ұйымдастырылмақ. Келушілерге ара-қашықтықты сақтау талабы қойылып, онлайн көрсетілім де көзделген.

Шілденің 3-і мен 4-де Есіл өзенінің жағасында жұлдыздар автобустар мен теплоходта өнер көрсетеді. Шілденің бесі мен алтысында Ботаникалық саябақта гүлдер жәрмеңкесі мен түрлі байқаулар өтеді. Сонымен қатар, далада қойылатын кинотетарлардан тұрғындар отандық фильмдерді тамашалай алады. Спорттық сайыстар мен велошеру ұйымдастыру жоспарға енген. Негізгі шара – 6-шы шілде күні Нұр-Сұлтан – Ұлы Дала жүрегі атты гала-концертке ұласады. Тлығырақ Atameken Business-те:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу