Елордада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады

1029

Елордада "Лесная поляна" елдімекені – Назарбаев Университеті" бағытында қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады,  деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады

25 қыркүйектен бастап Қосшы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша "Лесная поляна" елдімекені – Назарбаев Университеті" бағытындағы №323 қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады.

Маршруттың қозғалысы "ЭКО-Маркет "Минимаркеті" аялдамасынан басталады, ары қарай Қарқаралы тасжолы – Қабанбай батыр даңғылының бойы, ал соңғы пункт – "Назарбаев Университеті".

Жаңа бағыттағы автобустар аптаның барлық күні қатынайтын болады, бұл Қосшы қаласының қоғамдық көлігінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу