Елордада қалай жұмысқа орналасуға болады

864

Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары түсіндірді.

Елордада қалай жұмысқа орналасуға болады

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасын іске қосу бағдарламасы аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

№49 мектепті күрделі жөндеу кезінде 98 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отырса, оның 55-і Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асады. Тұран даңғылынан Жиделі (№37) көшесіне дейінгі учаскеде № 26 көшені салу кезінде 189 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысу алгоритмін түсіндірді: Алдымен Нұр-Сұлтан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына call-орталық арқылы 8 717 257 88 88 нөміріне хабарласу қажет. Содан кейін жұмыс іздеушінің тілектеріне сүйене отырып, орталық мамандары жобаларға лайықты бос жұмыс орындарын таңдап, әңгімелесуге жібереді. Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар тізімі – жеке куәлік, диплом және еңбек кітапшасы (бар болса).

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы өз кезегінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізеді, сондай-ақ жобаларда жаңа жұмыс орындарының құрылуына жетекшілік етеді. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жедел штаб жұмыс істейді, онда жұмыс беруші-мердігерлермен өзара іс-қимыл жасайтын салалар бойынша бөлінген 12 жоба әкімшісі бар. Әкімшілер басталған жұмыс санын, құрылған жұмыс орындарын және жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтылған жұмыссыздар санын бақылайды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша ең көп сұранысқа ие бос орындар – электрик, дәнекерлеуші, слесарь, монтаждаушы, ВСДЕ категориялы жүргізуші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу