Полиция қызметкерлері автобустарда қалта ұрлығымен айналысқан 20 жасар бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Криминалдық полиция қызметкерлері ұрыны автобус бағдарында қалта ұрлығын жасау үстінде ұстаған.
Ұсталушы осы секілді қылмыстар үшін бұрын сотталған Ресей Федерациясының 20 жасар азаматшасы болып шықты.
Тергеп-тексеру барысында күдікті автобустарда үш қалта ұрлығын жасағанын мойындады.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу