Елордада "КамАЗ" жүк көлігі жолаушылар автобусын соқты

1003

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  

Елордада "КамАЗ" жүк көлігі жолаушылар автобусын соқты

Елордада КамАЗ жүк көлігі жолаушылар автобусын соқты, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 29 мамыр күні сағат 17-49-да "КамАЗ" жүк көлігін басқарып келе жатқан 1994 жылы дүниеге келген жүргізуші Ақжол көшесінің бойында рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарына жүк көлігі жолдың қарсы бетінен шығып кетіп, "МАН" маркалы автобусымен соқтығысқан.

"Жол-көлік апаты салдарынан автобустың 13 жолаушысы зардап шегіп, медицина мекемелеріне жеткізілді", – деп атап өтеді департаменттен.

Қазіргі уақытта екі жолаушының сүйегі сынғаны анықталса, қалғандары түрлі деңгейде жарақат алғандығы белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу