Астана қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғады, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, құзырлы орган бұл санаттағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау тәжірибесіне талдау жүргізді. Кәмелетке толмағандарға қатысты айыппұлдардың артық сомаларын салу және жауаптылыққа тарту мерзімдерін қолданудың ерекше тәртібі бұзылғаны анықталды.
“Қадағалау актілері негізінде уәкілетті органдардың 30 қаулысы заңға сәйкестендірілді, атап айтқанда 13 іс бойынша айыппұл соммасы төмендетілді, 17 іс жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды. Осылайша әрекет ету шараларымен кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалып, заңсыз тәжірибе тоқтатылды”, - делінген хабарламада.
Прокуратура бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.