Елордада қалың қардан көлік қозғалысының жылдамдығы 30%-ға төмендеген

123

Қалада ең көп көлік жүретін жолдар – Тұран, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел даңғылдары және Түркістан көшесі. 

Елордада қалың қардан көлік қозғалысының жылдамдығы 30%-ға төмендеген Фото: Sergek group

Астанада қардың түсуіне байланысты пайда болған кептеліс жол қозғалысына қалай әсер еткені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Sergek ITS аналитиктері жолдардағы орташа жылдамдықты салыстырды. Мамандар қар жаумай тұрған 5 қараша мен қала қарға оранған 11 қараша күндерін негізге алды.

"11 қараша күні таңертең Тұран даңғылында (солтүстік бағытта) көлік жылдамдығы шамамен төрттен бірге төмендеді, ал Мәңгілік Ел даңғылында, Қабанбай батыр даңғылында және Түркістан көшесінде жылдамдық бірден үштен бірге азайды. Мәңгілік Ел даңғылындағы кептелістің шыңы таңғы 10:00-ге келіп, орташа жылдамдық 27 км/сағаттан 16 км/сағатқа дейін төмендеді. Кешкі уақытта ең төменгі жылдамдық Қабанбай батыр даңғылында тіркелді. Жалпы алғанда, интеллектуалды көлік жүйесінің деректеріне сүйенсек, жүргізушілердің орташа қозғалыс жылдамдығы шамамен 30%-ға төмендеген", – дейді Sergek ITS сарапшылары.

Олардың айтуынша, қала тұрғындары діттеген жерге жету үшін 43%-ға көп уақыт жұмсауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу