Елордада қар тазалауға 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

522

Астанада қар тазалауға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Елордада қар тазалауға 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды Фото: Астана әкімдігінің сайты

Ақпаратқа сәйкес, коммуналдық қызметтер қысқы кезеңнің басталуы және қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Осы уақыт ішінде қаладан 200 мың текше метр қар шығарылған. Бұл 15 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең.

"25 қараша күні таңертең қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшылары мен мыңнан астам арнайы техника шықты. 24-25 қарашаға қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылды, бұл 500-ге жуық рейсті құрады", - делінген хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу