Елордада карантин талабын бұзған мейрамханалар анықталды

828

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Елордада карантин талабын бұзған мейрамханалар анықталды

30 сәуір – 3 мамыр аралығында Нұр-Сұлтанда 30-дан аса кәсіпкерлік нысан карантин талабын бұзған, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Демалыс күндері мониторингтік топтар қаладағы 450 кәсіпкерлік нысанын аралап, 200-ден аса рейд жүргізген.

"30-дан аса нысанның карантин талабын бұзғаны анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген адамдарды жауапкершілікке тарту үшін полиция қызметкерлері рапорт жасап, материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберді", - деп жазылды хабарламада.

Кәсіпкерлік нысандары жұмыс режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамау, маска тақпау, келушілердің рұқсат етілген санынан асып кету сынды заң талаптарын бұзған.

"Мысалы, Есіл ауданында карантин режимін бұзғаны үшін "Incognita" караоке-залы, "Ray bar" гриль-бары, "Inforno" мейрамханасы және "Alanya" караоке-мейрамханасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы ауданында "Лото" клубы, Байқоңыр ауданында "Rickh" кафесі шектеу шараларын сақтамаған.

Сарыарқа ауданындағы "Гаухартас", "Базилик" мейрамханалары, "Угол 4/1", "Астана рок кафе" түнгі клубтары да заңды бұзған", - деп жазылды хабарламада.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан 1,5 айдан бері "қызыл аймақта" тұр. Қалада күн сайын 600-ге жуық адам коронавирус жұқтырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу