Елордада карантин талабын бұзған нысандар анықталды

1037

Оларға айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды. 

Елордада карантин талабын бұзған нысандар анықталды

Нұр-Сұлтанда карантин талабын бұзған 8 кәсіпкерлік нысан анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда 75 кәсіпкерлік нысаны тексерілді. Осылайша, мобильді топтар карантин талабын бұзудың 8 дерегін тіркеді.

Түні сағат 00:05-те Тайбеков көшесіндегі "Veranda" мейрамханасында 30-дан аса адам демалған, ал сағат 01:06-да Қабанбай батыр даңғылындағы "Кальянная" 20 адамға қызмет көрсеткен.

Мекеме иелері мен клиенттерге Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 441-бабы бойынша айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ түнгі рейд барысында компьютерлік клуб, кинозал және басқа да ойын-сауық мекемелері тарапынан карантин талабын бұзу дерегі анықталды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу