Елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтіледі

506

Ережелерді жиі бұзатын нысандар – ойын-сауық мекемелері, қоғамдық тамақтану ұйымдары, кафелер, мейрамханалар, караоке, барлар, сауда орталықтары мен базарлар. 

Елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтіледі

Әкімдікте қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен COVID-19 екінші толқынына дайындық және мобильді топтар жұмысы талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың COVID-19 екінші толқынына дайындық туралы тапсырмасы аясында елордада карантин шараларының сақталуына мониторинг және бақылау жөніндегі шараларды күшейту туралы бұйрық берілді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мобильді топтар жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілеріне күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер жүргізуді, карантинді бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Маска тағу тәртібін сақтамаған азаматтарға да шара қолданылады. Жиналысты қорытындылай келе, жиналғандар COVID-19 таралуын болдырмауға және алдын алуға бағытталған шешімдерге қолдау білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу