Елордада карантиндік шектеуді жеңілдетудің екініші кезеңі қалай жүзеге асады

740

Құжатқа сай жеңілдік кезек-кезеңімен жасалады.  

Елордада карантиндік шектеуді жеңілдетудің екініші кезеңі қалай жүзеге асады

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А. Қ. Шағалтаева Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі талаптарды сақтауды жалғастыру керек:

Ойын-сауық, спорттық, отбасылық (үйлену тойлар, туған күндер, жерлеу және т. б.), естелік іс-шараларды, сондай-ақ жиналыстарды, жиындарды және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

Кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топтарда спорттық жаттығуларды тек ашық ауада өткізу;

3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын топтарды қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарларды ұйымдастыруға және өңірдің көрікті жерлеріне шолу жасауға, сондай-ақ жағажайларда шомылуға тыйым салу;

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруын шектеу;

Аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат беру;

Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүріп-тұру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Барлық ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлерінің кемінде 80% үшін қашықтықтан жұмыс нысанын сақталады.

Сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке, скверлерге, саябақтарға, аллеяларға, жағалауларға және адамдар көп жиналуы мүмкін болатын орындарға дезинфекциялау іс-шараларын жүргізіліп отырады.

Жұмыс күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (пик сағаттарында автобустардың санын көбейту, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушылар үшін қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюі) жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін және демалыс және мерекекүндері сағат 9:00-ден 21.00-ге дейін болады.

ХҚКО жұмысын алдын ала қатаң түрде Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот арқылы брондау ретімен күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларын сақтай отырып, жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін болады. Құжаттау бөлімі: жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі күні сағат 09:00-ден 14:00-ге. Мамандандырылған бөлім: жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін құжаттарды қабылдау, дайын құжаттарды түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін беру сақталады.

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс күндері күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, демалыс аймақтарында және демалыс орындарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін белгілеумен,демалыс және мереке күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілер мен олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, кинотеатрлардың, ойын орталықтарының, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады.

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым сала отырып ұйымдастырылады.

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 Бұйрығының 10-тарауына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптарынан басқа, жаңа оқу жылында онлайн оқыту режимінде білім беру объектілерінің жұмысы ұйымдастырылады.

- Арнайы білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жұмысын ұйымдастыру;

- Балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (5 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым сала отырып ұйымдастыру;

- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының жұмысын (5 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша,) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып ұйымдастыру;

- сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысын (қатаң түрде 1 келушіге 4 м2 есебінен алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру;

- моншалардың, сауналардың (массажсыз және пилингсіз) жұмысын бассейндерді қатыстыра отырыпбір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығы 30%-дан аспайтын қатысумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша), демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып жұмыс режимін уақытша шектеумен ұйымдастыру;

- фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмысын бассейндерді (массажсыз және пилингсіз) қатыстыра отырып, 1 келушіге кемінде 5 ш.м дейінгі және 50%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ету кезінде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, қатаң алдын ала жазылу бойынша, бассейндерде бір жолда бір келушіден ғана болу және жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарыа тыйым сала отырып ұйымдастыру;

- меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топты 15 баладан артық толтырмай, санитарлық-эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтаумен жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, ғимараттың ішінде 30-дан артық емес және жазғы алаңда 30-дан артық емес орындықтардың толымдылығы бойынша шарттарды сақтаумен және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызумен, өзі алып кетуге тыйым салумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін 9:00-ден 23:00-ге дейін, жеке иелік аумақтары мен тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілер үшін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. Демалыс және мереке күндері қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы тек ашық ауада отыратын орын саны 30-дан аспайтындай, өзі алып кетуге тыйым салуменжұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейінжәне тамақ жеткізугежұмыс кестесі сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін белгілене отырып рұқсат беру. Бұл ретте, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;

- азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендердің жұмысын бір сатып алушыға 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, санитарлық-эпидемияға қарсы,санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынған сауда желісін, тек онлайн тапсырыстарды қабылдаумен және тауарларды курьерлер арқылы жеткізумен, өздігінен алып кетуге тыйым салумен ұйымдастырылатын жұмысты қоспағанда, жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

- ашық ауада жалпы пайдаланылатын орындарда орналасқан аттракциондар мен балалар ойын алаңдарының жұмысын тыйым салынған және санкцияланбағандарды қоспағанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

- "демалыс күнгі" (ашық ауада) ауыл шаруашылығы, мектеп және азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, тек демалыс күндері ғана жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

- жұмыс күндері діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) 1 келушіге кемінде 5 ш.м дейінгі және 30%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ете отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

- мәдениет объектілерінің (жеке, топтық дайындықтар көрермендерсіз 30 адамнан аспайтын қатысумен), кітапханалардың, мұражайлардың, галереялардың, көрмелердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық жұмыс режимін белгілей отырып ұйымдастыру;

- жабық бассейндердің жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым сала отырып ұйымдастыру;

- күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, Ұлттық құрама командалары, клубтық командалар үшін (спорт базаларының аумағында тұруды 30 адамнан аспайтындай қамтамасыз ете отырып) спорттық жаттығулар өткізуді ұйымдастыру;

- меншік нысанына қарамастан, көрермендерсіз жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) жұмысын 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар өткізу үшін, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып,демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

- күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, өңірлер арасында жолаушылар автобусының автоқатынасының жұмысын ұйымдастыру;

- ҚР БМСДҚ №50 қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, жиналыстарды, отырыстарды өткізуге оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда тек негіздеме болған жағдайда күндізгі режимде өткізуге рұқсат беру;

- объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысы қосымшаларының талаптарын қатаң сақтаған жағдайда жол беріледі ("Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 47 қаулысы);

- көңіл көтеретін орындардың жұмыс істеуіне тыйым салу (бильярд, караоке, боулинг-орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары, соның ішінде лотереялар ұтысы және т. б.);

 - орналасқан жеріне қарамастан, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкеттік және салтанатты залдардың жұмыс істеуіне тыйым салу;

- СПА-орталықтардың, массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысына тыйым салу;

- қаладағы саябақтарда, жағалауларда, скверлерде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т. б.) жалға беруге тыйым салу;

- қалалық жағажайлардың, аквапарктердің, океанариумның жұмысына тыйым салу;

- ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, тыңдауларды және т. б. өткізуге тыйым салу сақталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу