Елордада карантинге қарамастан қыз ұзату, мерейтой мен туған күндер өткізген

1363

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, күн сайын қаланың 100 -ден астам кәсіпкерлік нысандары арасында карантин шектеулерін бұзғандарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада карантинге қарамастан қыз ұзату, мерейтой мен туған күндер өткізген

Сонымен, 31 шілдеде мониторингтік топтар 30 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданында "Альнур", "Нурхолл" тойханаларында, "Ереймен" мейрамханасында, "Мята" сауна, лаундж барында және "КишМиш" кафесінде карантин талаптарының бұзылғаны анықталды.

Байқоңыр ауданында "respawn" компьютерлік клубы мен "Хюррем" кафесі карантин мен маска режимін елемей жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында 8 мекеме елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзып жұмыс істеді. Ол "Астау", "Кунжут", "Арна", "Счастье", "El Plaza", "Центр плова" мейрамханалары, "Espresso" кофеханасы және "Градус" сыра дүкені.

Есіл ауданында 14 мекеме карантин шектеулерін бұзды. Ол "Shatush" ресторан кешені, Тұран 7а даңғылындағы елордалық мәдениет және демалыс паркі. "Оазис" жағажай клубы, "Aura Club" түнгі клубы, "Maestro" караоке бары, "Ailand Astana" ЖШС, "Lavash", "Carreta" тез тамақтану мейрамханалар желісі, "Эдельвейс", "Теньговка" монша кешендері, "Какие люди" ресто-бары және "Tequila", "Панаехали" және "Chechil pub" барлары. Кей мекемелерде көп адамдардың жиналуымен Қыз ұзату, мерейтойлар мен туған күндер өткізілген.

Айта кетейік, барлық жағдайлар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тиісті органға рапорт жолданды. 

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша әлі де "қызыл" аймақта. Күн сайын КВИ инфекциясының 1300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік объектілері коронавирус дертінің одан әрі таралуын болдырмау үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу