Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі оралған түйіншек "Меркурий" тұрғын үй кешенінің аумағына жасырылған.
Mercury Life мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасы Рүстем Айтқожин есірткіні кәріз құдығынан тауып алып, бірден полицияға хабарласқан.
"Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Полиция тыйым салынған заттың тұрғын үй кешені аумағына қалай түскенін анықтап жатыр", – деп жазылған хабарламада.
Рүстем Айтқожин қырағылық танытқаны үшін грамотамен марапатталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу