Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "1 қазан – Халықаралық қарттар" күніне арналған аудан зейнеткерлерінің қатысуымен "Денсаулық флешмобы" өтті.
Есіл ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда өткен флешмобқа ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер арнайы фитнес нұсқаушысының жетекшілігімен жаттығулар өткізді.
Іс-шара соңында өздеріне көрсетілген ықылас пен қошеметке риза болған қарттар алғыс айтып, естелікке суретке түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу