Елордада кәсіпкерлер бас қосты

152

Астанада "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезекті алдын-ала XII съезі өтті. 

Елордада кәсіпкерлер бас қосты Фото: inbusiness.kz

Шараға 400-ден астам делегат және 200-ге жуық бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл бизнес үшін айтулы шара. Қазақстанның түкпір түкпірінен делегаттар келді. Қарастырылған мәселелер белгілі бір сұрыптаудан өтті. Олар әкімдіктің де, мемлекеттік органдардың да деңгейінде қарастырылды. Шешілмеген мәселелер осы съезде қаралады",  – деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталов.

Сөзінше, кәсіпкерлерді алаңдатқан сұрақтар жетерлік. Соның бірі – жаңа Салық кодексінің жобасындағы нормалар.

"Бұдан басқа сот-құқықтық жүйесінің реформасы, сатып алуларға қатысты мәселелер де бар. Астық, тариф, жерге қатысты сұрақтар да бизнесті алаңдатады. Біз Үкіметпен белсенді жұмыс жүргізіп отырмыз", – спикер.

8 қарашада елордада "Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес" шағын және орта бизнес форумы өтеді. Шарада Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі бағыттары, кәсіпкерлік үшін қолайлы экожүйе құру, жергілікті өндірушілерді қолдау мақсатында "Бір ауыл – бір өнім" жобасының перспективалары талқыланады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу