Елордада кәсіпкерлер саны артқан

872

Нұр-Сұлтанда 415 мыңнан аса тұрғын шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңесінің басшысы Болат Омаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Елордада кәсіпкерлер саны артқан

Оның айтуынша, өңірлік кеңестің 2021-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес негізгі міндеттердің бірі кәсіпкерлердің мәселелерін жүйелі талдау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу болып саналады.

"Мысалы, 2021-2022 жылдары өңірлік кеңесте жалпы 73 мәселе, оның ішінде бизнестің 48 мәселесі қаралды", – деді Болат Омаров Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің бизнес-қоғамдастық алдындағы есептік кездесуінде.

Сондай-ақ Болат Омаров 2022 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

"Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалада 168,3 мың кәсіпкерлік қызмет субъектісі жұмыс істеп тұр. 2019 жылы бұл көрсеткіш 134,4 мың, 2020 жылы – 144,7 мың, 2021 жылы – 163 мың болған. Сонымен қатар ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың оң динамикасы байқалып отыр. 415 925 адам немесе 2021 жылмен салыстырғанда өсім 72%, 2020 жылмен салыстырғанда – 12,4%", – деді өңірлік кеңестің басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу