Елордада Кәсіпкерлердің жыл сайынғы VI конференциясы басталды

1183

Бүгін мұнда елордадағы кәсіпкерлік айналасында қордаланған мәселелер барынша қамтылып, талқыланатын болады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттары, кәсіпкерлердің жағдайы қозғалады.

Елордада Кәсіпкерлердің жыл сайынғы VI конференциясы басталды

Шараға "Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысуда. Сондай-ақ, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасы және басқарма мүшелері, Ұлттық компаниялар, даму институттары, аумақтық органдар, екінші деңгейлі банктердің басшылары және қала кәсіпорындарының өкілдері келіп отыр.

Шараның ашылуында сөз алған елорда әкімі кәсіпкерлер мәселесінің әрдайым назарда екенін айтты.

Айта кетсек, бүігде елордада кәсіпкерлікпен шағын және орта бизнестің 129 мың субъектісі айналысады, олар жалпы өңірлік өнімнің 58,8%-ын қалыптастыруда. Шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі бойынша аталған көрсеткіш Қазақстан өңірлері арасында ең жоғары. Биылғы жылдың 7 айы ішінде елорда бюджетіне  салықтың 68%-ы (366 млрд теңге) шағын және орта бизнестен түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу