Елордада кәсіпорындардың санитарлық норманы сақтауы тексеріліп жатыр

877

Рейд барысында қонақ үйлер, базарлар, мейрамханалар мен дәмханалар және т.б. көпшілік орындар тексерілді. 

Елордада кәсіпорындардың санитарлық норманы сақтауы тексеріліп жатыр

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті кәсіпорындардағы санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын рейдтер жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

"Бүгінгі таңда біз елордалық бас санитарлық дәрігер қаулысының сақталуына мониторинг жүргізудеміз. Осы уақыт аралығында Сарыарқа ауданындағы 300 нысанға мониторинг жүргізілді. Оның ішінде 100 нысанда санитарлық шаралар сақтамаған. Нысандар бұл олқылықты түзеткенге дейін жабылды. Кәсіпкерлерге түсіндіру жүргізілді. Нысандар саннормаларды қатаң сақтауға міндетті: кіре берісте санитайзерлер (антисептиктер) болуы тиіс, қызметкерлер мен клиенттер бетперде кию керек. Сондай-ақ үстел арасындағы 2 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Келушілер маска тағып жүруі қажет", – деп атап өтті Сарыарқа аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дамира Нұран.

Егер келуші жоғарыда аталған ережелердің сақтамалмағанын байқайтын болса, 109 нөміріне хабарласуға немесе Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының кез келген бөлімшесіне қоңырау шалып немесе өтініш/шағым жаза алады.   

Кәсіпкерлер санитарлық нормаларды қатаң сақтауға тиіс, өйткені індетті жұқтыру қаупі әлі де сақталады. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда, нысандар өз жұмысын тоқтатады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу