27 желтоқсан күні сағат 21:00-де "102" арнасына қала тұрғынынан Панфилов көшесінің бойында итті талап тастаған қасқырдың жүргені туралы хабарлама түсті. Көрсетілген мекен-жайға шұғыл жасақ жіберілді және факт расталды. Полиция қызметкерлері қасқырға жақындағанда жыртқыш агрессия көрсетіп, шабуылдауға тырысты. Сол себепті оған қарсы табельдік қару қолданылды.
Оқиға орнына шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана ветсервис" қызметкерлері жануарларды қарап шығып, бұл қаңғыбас иттер деп қорытынды шығарып және оларды арнайы автокөлікпен алып кетті.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жабайы жануарлар мен қаңғыбас иттер табылған жағдайда оларды ұстап алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Астана ветсервиске", әкімдікке немесе полицияға хабарлауды ескертеді.