Елордада қатаң шектеу шаралары енгізілгелі бір ай болды

740

Дәрігерлер апталап отбасын көрмей, тәулік бойы кезекшілік атқарып, науқастардың өмірін құтқаруда.

Елордада қатаң шектеу шаралары енгізілгелі бір ай болды

Қазақстанда КВИ жұқтырудың алғашқы оқиғасы 13 наурызда тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай режимі 16 наурызда жарияланды. Мемлекет қауіпке қарсы дер кезінде әрекет ете бастады. Елорда әкімдігі осы бір айдың ішінде нендей шаралар қолға алынғаны туралы есеп берді:

Нұр-Сұлтан әкімдігінде дереу коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штаб құрылды.

30 наурыздан карантин режимі күшейтілді. Азаматтардың үйлерінен шығуына шектеу қойылды. Тек азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға және жұмысқа шығуға ғана рұқсат етілді. Халық көп жиналатын жерлер толықтай жабылды.

Қаладағы жолдарда 30 мобильді бекет орнатылды.

Карантин режимін бұзған 2 мыңға жуық қала тұрғыны жауапқа тартылды. 800-ден астам автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.

Індетпен күресуде алдынғы шепте жүрген мамандарға ерекше көңіл бөлінді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және медицина қызметкерлеріне жағдай жасау мақсатында қонақүйлерде тұру, көлік және тамақтану орындары бөлінген.

Күн сайын әлеуметтік нысандар, базарлар, СОО, бекеттер және т.б. адамдар көп жиналатын жерлерге дезинфекция жүргізіледі. Зарарсыздандыру жұмысына 500-ге тарта адам қатысуда. Қалалық қызметтермен бірлесіп, дезинфекциялау жұмысына Қарулы күштердің биологиялық қорғау қызметі мен әскери жиынға шақырылған азаматтар да атсалысуда.

Сонымен қатар, емханаларда температура өлшейтіп құралдар (тепловизорлар), аурухана аумағында дезинфекциялық тоннелдер орнатылды.

15 сәуірден бастап карантин режимі осы айдың соңына дейін ұзартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу