Бұл туралы Астана қаласының Көпсалалы медицина орталығының бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев Елордада коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Мұхтар Төлеутаевтың мәлімдеуінше, бүгінде қала бойынша 13 656 мың адам онкологиялық диспансерлік есепте тұр. Осы жылдың 11 айының қортындысы бойынша 2182 адам тіркелген.
Қатерлі ісіктерден сырқаттанушылық көрсеткіші – 100 мың тұрғынға шаққанда 180,3 адам.
"Онкологиялық сырқаттанушылық құрылымына тоқталар болсақ, бірінші орында – сүт безі обыры (377 жағдай), екінші орында – колоректальды обыры (251 жағдай), үшінші орында – өкпе обыры (203 жағдай), төртінші орында асқазан обыры (164 жағдай) тұр. Одан кейінгі орында жатыр мойны обыры (110 жағдай) орналасқан. Сырқатқа шалдыққандардың 60,1%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар екенін атап өткім келеді", - деді спикер.
Оның айтуынша, жыл басынан бері қатерлі ісіктен болған өлім-жітім көрсеткіші Астанада 100 мың тұрғынға шаққанда 68,8-ден 66,8-ге дейін төмендеген.
"Бұл көрсеткіш 2,9% пайызға азайды. Адам шығыны орын алатын аурулар құрылымда өкпе обыры (15,2%), асқазан обыры (13,2%), колоректальды обыр (10,6%), сүт безі обыры (8,7%), ұйқы безі обыры (5,7%) орналасқан", - деді бас дәрігер.
Мұхтар Төлеутаев өлім-жітім деңгейінің төмендеуі ерте сатыдағы қатерлі ісіктердің диагностикасымен, емдеу нәтижелерінің тиімділігімен байланысты екенін атап өтті.