Елордада қатерлі ісіктің алдын алу үшін тегін тексерілуге болады

718

Жыл сайын елімізде меланомамен 300-ден астам науқас тіркеледі. Былтыр Нұр-Сұлтанда 21 жаңа жағдай тіркелген.

Елордада қатерлі ісіктің алдын алу үшін тегін тексерілуге болады

4 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дерматология орталығында Дүниежүзілік меланома күніне арналған Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Аталмыш іс-шара қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасының қолдауымен өткізіледі.

"Барлық келушілерге меланоманың ерте кезеңдегі диагностикасын жасау және халықты ақпараттандыру мақсатында тегін тексеруден өту мүмкіндігі беріледі. Акция барысында әрбір адам емдік қолдау ала алады. Сұранысқа ие арнайы жабдықтардың көмегімен дерматолог мамандар тексеруді тегін жүргізетін болады", – делінген басқарманың хабарламасында.

Іс-шараның мақсаты – ­өлімге әкеліп соғатын ауруды алғашқы кезеңінде оңай емдеуге болатынына қоғамның назарын аудару.

Жыл сайын елімізде меланомамен 300-ден астам науқас тіркеледі. Былтыр Нұр-Сұлтанда 21 жаңа жағдай тіркелген.

Дерматология орталығы Республика даңғылы, 50/2 мекенжайында орналасқан. Шара сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу