Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарынан жарықпен қамтуға қатысты өтінімдер келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазір апаттық қызмет мамандары Сарыарқа және Алматы ауданында 10 кВ жарық желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. (Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының оң жағы). Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазір 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істейді, 2 арнайы техника жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу