Қазақ күресінен республикалық турнир 2011 жылдан бері тұрақты негізде ұйымдастырылып келеді.
Әр өңірден екі спортшыдан қатысады, олар абсолютті салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Биыл қатысушылардың жалпы саны – 41 палуан: әр өңірден екі спортшыдан,сондай-ақ "Әскер Барысы" күш құрылымдары арасындағы турнирдің және өткен жылғы іріктеудің жеңімпаздары.
Республикалық турнир ұлттық спорт түрі – қазақ күресін дамыту мақсатында өткізіліп келеді. Бұдан басқа турнирді ұйымдастырушылар жастарды спортқа тарту және ұлттық дәстүрлерді сақтауды басты міндет деп белгілеген.
Турнирдің бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, сондай-ақ серіктестер қатарында "Sport Qory" спортты қолдау қоры және "Сәтті Жұлдыз" АҚ.
Ұлттық спорттың жанкүйерлері турнирді тікелей эфирде Qazsport және TRT Avaz.телеарналарынан көре алады.
Биыл "Қазақстан Барысы" республикалық турнирі "Барыс Арена" спорт кешенінде өтеді, кіру тегін. Басталуы 2 шілде, сағат 12:00-де.