Елордада қазақтың үш бәйтерегіне ескерткіш қойылды

2265

 Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының көрнекті жазушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған тапсырмасын орындау мақсатында жазушылар аллеясында "Үш арыс" монументі ашылды. 

Елордада қазақтың үш бәйтерегіне ескерткіш қойылды

 

Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қазақ әдебиетінің алыптары – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай  Үш арысымызға арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бүгін бұл өзіндік тарихи оқиға. Тұңғыш президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы халық тарихын құрметтейді және қолдайды және жас ұрпақ біздің тарихымызды білуі керек дейді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының көрнекті жазушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған тапсырмасын орындау мақсатында жазушылар аллеясында "Үш арыс" монументі ашылды. Олар біздің халқымыз, қазақтың ұлы даласы туралы жазды. Сол күндердегі адамдардың тарихын олар жазбаса білер ме едік? Жазушыларымыздың естелігін құрметтеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Келесі жылы біз ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтеміз. Жазда Абай көшесінде қазір "Үш арыс" монументі орналасқан жерде жазушылар аллеясы ашылды. Аллеяның аумағын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, көшелерге Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова есімдері берілді", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Жазушылардың туыстары мен достары ескерткіштің ашылуының маңыздылығына тоқталып, "бұл біздің ата-бабаларымызға жасаған құрмет қана емес, сонымен бірге бүкіл қазақ әдебиетіне, еліміздің барлық жазушысына жасалған құрмет" деп атап өтті.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу барысында шығармашылық зиялы қауым өкілдері барлық жазушыны бір жерге біріктіруді сұрады. Сонымен қатар "Жазушылар үйінің" жаңа ғимаратында белгілі ақындар мен ойшылдардың жинақтары бар жеке кітапхана бар.

Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулетов ғимарат астананың барлық жазушыларын бір жерге біріктіріп, шығармашылық орынға айналғанын айтып, "жазудан басқа, шығармаларды шет тілдерінен қазақ тіліне сапалы аударумен айналысатын боламыз" деп атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу