Елордада келесі жәрмеңкеде 540 тонна азық-түлік саудаланады

1045

Келушілерге қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажет.

Елордада келесі жәрмеңкеде 540 тонна азық-түлік саудаланады Фото: astana.gov.kz

19 және 20 қыркүйекте "Хан-Шатыр" СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынатын болады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 5 тонна алкогольсіз сусындар және т. б. сату жоспарланып отыр.

Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады ("Айс" ЖШС, "Агрофирма Тау" ЖШС, "Ново-Альджанский мелькомбинат" ЖШС, "Рамазан" ЖШС, "Ақтөбе-нан" ЖШС, "Айбек" ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, "Степное" ЖШС, "Рокос" ЖШС, "Изет ГринХаус" ЖШС және "Гринхаус Қазақстан" ЖШС жылыжай көкөністері, "Мир круп" тұзы, "Жаңажол" күріш, "Сырмаржаны", "Байқоңыр" Агрохолдингі", "Наймир", "Байқоңыр" ӘКК).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу