Елордада киокушинкай-кан каратэден халықаралық турнир өтіп жатыр

255

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.  

Елордада киокушинкай-кан каратэден халықаралық турнир өтіп жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласындағы "Билайн Арена" спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден Kazakhstan Open-2023 халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Бәсекеге еліміздің өңірлерінен және жақын шетелдерден 450-ден астам спортшы бақ сынауда.

Қатысушылар балалар мен жасөспірімдер және ересектер арасында сынға түсіп жатыр.

Айта кетейік, турнир сегізінші кюден төмен емес спортшылар арасында кумитенің жас топтары мен салмақ категориялары бойынша өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу