Елордада кішкентай баланы өлтірген бала күтуші мен оның көңілдесіне үкім шықты

864

Олар 17 және 23 жылға сотталды. 

Елордада кішкентай баланы өлтірген бала күтуші мен оның көңілдесіне үкім шықты Фото: 716.kz

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай өткен жылы болған. Бала күтуші мен оның бірге тұратын көңілдесі жас балаға физикалық зорлық-зомбылық жасап, салдарынан бала көз жұмған.

"Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді. Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді. Олар 17 және 23 жылға сотталды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу