Елордада қоғамдық автобус жолдан шығып кетті

754

Елордада қоғамдық автобус жолдан шығып кетті

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бойында қоғамдық автобус аударылып қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы тілшіміз Рауан Мыңбаев хабарлады. Жүргізуші апаттық оқиғаны болдырмас үшін жолдан шығып кеткен көрінеді. Оқиғадан кондуктор зардап шеккен. Оған оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Абырай болғанда автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Оқиғаның мән-жайын Астана қалалық ІІД анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу