Елордада қоғамдық көлік тоқтауы мүмкін екендігі ескертілді

956

Мұндай шара азаматтардың санитарлық нормаларды сақтамауына байланысты қабылдануы мүмкін. 

Елордада қоғамдық көлік тоқтауы мүмкін екендігі ескертілді

City Transportation Systems компаниясы Нұр-Сұлтанда санитарлық нормалар сақталмайтын болса, қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтататынын ескертті.    

Компания таратқан хабарламада егер елорда тұрғындары санитарлық нормаларды сақтамаса, қоғамдық көлік тоқтауы мүмкін екендігі айтылған.

Еске сала кетер болсақ, азаматтарды коронавирустан қорғау үшін 16 наурыздан 11 мамырға дейін елде төтенше жағдай енгізілді.  12 мамырда елордада қоғамдық көлігі қайта жұмысын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу