Елордада қоғамдық тәртіпсіздікпен күрес қалай жүргізіліп жатыр?

482

Жыл басынан бері 40 адам қамаққа алынды. 

Елордада қоғамдық тәртіпсіздікпен күрес қалай жүргізіліп жатыр? Фото: freepik

Жыл басынан бері Елордада бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, қоғамдық орындарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды қорлағаны үшін сотпен 72 адам жауапқа тартылып, оның ішінде 32 адамға айыппұл салып, 40 адамды қамаққа алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Мәселен 11 қаңтарда сағат 02:50 шамасында астаналық тұрғын мас күйінде "Кинг Отель"  қонақ үйдің нөмерінің есігін теуіп, 80 мың теңгені құраған материалдық шығын келтірген. Ол 5 тәулікке қамаққа алынды.

Тағы бір мысал, 20 қаңтар күні сағат 02:30-да Керей Жәнибек хандар көшесіндегі шағын маркетте 28 жастағы астаналық тұрғын мас күйінде сатушымен жанжал шығарған, осыдан кейін дүкеннің жабдықтары мен тауарларын сындырған. Оған 69 мың теңге айыппұл салынды.

Ұқсас жағдай, 4 ақпанда шамамен 12:30-да 24 жастағы қала тұрғыны мас күйінде бола тұра Потанин көшесі бойында орналасқан кафенің жарнамалық белгісін әдейі зақымдаған. Шығын 100 мың теңгені құрады. Құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

"Прокуратура қала тұрғындарымен қонақтарын қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй – жайларды, өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды, мүлікті бүлдіру және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттері үшін 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу