Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны өтеуді атқару заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының негізінде жүргізіледі және жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілеген объектілерде жүзеге асырылады. Сотталғандарға көше тазалау, ағаш отырғызу және қар тазалау сияқты әр түрлі жұмыстар тағайындалады.
Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының пробация қызметі есебінде А. есімді сотталған тұр. Ер адамға сотпен 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза түрі тағайындалған. Онымен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, сотпен белгіленген талаптарын орындауы керек екендігі түсіндірілді.
Сондай-ақ сол ауданның пробация қызметінің есебінде тұрған С. есімді сотталған сотпен тағайындалған 80 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын орындаудан жалтарған. Сол себепті пробация қызметкері А. Қадырбаевамен қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын қамауға алу түріндегі жазаға ауыстыру үшін сотқа жадығат жолданды.
Соттың шешімімен ер адамның 80 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жазасы 20 күнге қамауға алу түріндегі жазаға ауыстырылды.