Елордада қоймадан құрал-саймандар ұрлаған азамат қолға түсті

1012

Полицияға ЖШС директоры хабарласып, оның қоймасынан құрылыс құрал-саймандарын ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Елордада қоймадан құрал-саймандар ұрлаған азамат қолға түсті

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана қаласы ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында 37 жастағы ер адам Сарыарқа даңғылында жүріп, қоймаға құлыпты бұзу арқылы кіріп, шөп шабатын машинаны, бұрғылайтын аспапты, электр желдеткіш аспабын және сорғышты ұрлап әкетіп 300 мың теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтіргені анықталды.

Аталған факті бойынша "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, үй-жайларды сенімді құлыптармен жабдықтауды және күзет дабыл жүйесін орнатуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу