Елордада көктемгі экологиялық айлықтың қорытындысы шығарылды

569

Елордада аумақты тазалау және ағаш отырғызу бойынша "Birge – taza Qazaqstan" көктемгі экологиялық айлығы аяқталды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада көктемгі экологиялық айлықтың қорытындысы шығарылды

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, эко-айлық аясында 2 жалпықалалық (16 және 23 сәуір) және 2 коммуналдық сенбілік (30 сәуір және 14 мамыр) өткізіліпті, оған 160 450 адам, 11 288 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысқан.

"Елорданың ҚТҚ полигондарына 3 647,54 тонна қалдық шығарылды. Жалпы ауданы 2,7 млн. м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылды",- деп жазылған хабарламада.

Коммуналдық қызметтермен және мердігерлік ұйымдармен келесі жұмыстар жүргізілген:

- рұқсат етілмеген стихиялық үйінділерді жою;
- жасыл желектерді отырғызу;
- кварталішілік абаттандыру, балалардың ойын және спорт алаңдарын жабдықтау, төселген тастарды, жиектастарды, шағын сәулет нысандарын және т. б. қалпына келтіру.;
- инженерлік желілер мен коммуникацияларда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде абаттандырудың бұзылуын жою;
- конструкцияларды, көпірлер мен жол өтпелерінің қоршауларын жуу, аялдамалардағы павильондарды ағымдағы жөндеу және тазалау;
- жол төсемінің зақымданған учаскелерін және жаяу жүргіншілер өткелдерін ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу;
- ҚТҚ арналған контейнерлер мен контейнерлерлік алаңдарды санитарлық тазалау;
- кабель желілерін сәйкестендіру, көше және саябақ жарықтарын бояу және жуу.

Сонымен қатар, айлық аясында 27 мыңға жуық көшет отырғызылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу