Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, жеке үйдің ауласынан белгісіз адамдар оның Lada Largus автокөлігін айдап әкеткені туралы арызданған. Полиция бөлімінің қызметкерлері 17 және 19 жастағы екі жігітті анықтады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында жастар түнде елорда көшелерімен серуендеп жүргені белгілі болды. Айнакөл көшесінен өтіп бара жатып, олар оталдырып қалдырылған автокөлікті байқаған. Жас жігіттер көліктің тұтқасын тартып көріп, оталу кілттерінің салонда қалғанын байқап, аталған көлікті айдап кеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.