Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда көлік ұрлаудың 15 дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қалалық полиция департаментінің дерегінше, өткен жылдың сәйкес кезеңінде мұндай 3 қылмыс тіркелген.
Полицейлер жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында ұрлық жасағаны үшін сотталған 46 жастағы ер адамды ұстаған.
"Күдікті "КамАЗ" салонынан ақша ұрлаған. Түсте ол әріптес жүргізушімен бірге бара жатқан. Зардап шегуші көліктен шыққанда ер адам оның сырт киімінің қалтасынан 80 мың теңгені ұрлаған. Ол кінәсін мойындаған", – деп жазылған хабарламада.
Бүгінде оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық жасау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 15 көлік ұрлығы тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде мұндай 3 қылмыс анықталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлық көлік табылып, иелеріне қайтарылған.
Елордада көлік ұрлығының саны айтарлықтай азайған. Өткен жылы қаңтарда көлік тонауың 21 дерегі тіркелсе, биыл 9 дерек анықталған.
Полиция тұрғындар мен жүргізушілерді сақ болуға шақырды.