Елордада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

541

​Астанада автомобильдердің қоғамдық көлікке арналған жолақта қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

Елордада осы мәселені шешу бойынша онлайн дауыс беру басталды, ол 2023 жылғы 10-27 ақпан аралығында жалғасады.

Пилоттық жоба Абылай хан даңғылында Пушкин-Манас көшесі аралығына дейін енгізілді.

Бұл көшелерде қарбалас уақыттан тыс уақытта қарапайым көліктердің жүруіне болады.

Ал таңертеңгі сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін автобус жолағымен жүруге тыйым салады.

Астаналықтар мына сілтемеде онлайн дауыс бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу