Елордада қолөнершілер жәрмеңкесі мен мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі өтті

576

Рәміздер күніне орай өткен жәрмеңкеге 250-ге жуық қолөнерші қатысты.

Елордада қолөнершілер жәрмеңкесі мен мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі өтті Фото: gov.kz

Астанада "Аламан құрақ" жобасы аясында қолөнершілер жәрмеңкесі және мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі өтті, деп хабарлайды  inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындары мен қонақтары қолөнершілердің құрақ көрпелерін қызықтап, оның тарихы мен жасалу жолы туралы мол мағлұмат алды.

Құрақ көрпе – қазақ халқының ұлттық құндылығы және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүр.

Айта кетейік, "Қазақтың құрағына әлем керек" деген ұранмен "Аламан құрақ" жобасы ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу