Соңғы 4 айда елордаға 75 мың тонна көмір жеткізілді. ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш әкімдік мәлімдеген қажеттіліктен екі есе жоғары (37 мың тонна).
Ал қыркүйек айына коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындар үшін қажеттілік жоспары 67 мың тонна көмір. Бүгінде бұл көлемнің жартысы бас қалаға жеткізілген.
Көктал ауданында орналасқан "Бек-Айда" ЖК көмір қоймасының сыйымдылығы 12-ге жуық вагонды құрайды.
"Өткен жылы күніне 150-200 көмір тиелген көлік жөнелтілді. Көмір бірден вагоннан сатылды. Сәйкесінше, ұзын-сонар кезек болды. Қазір мұндай дүрбелең жоқ. Азаматтар жаз мезгілінен бастап көмір сатып алуда. Сонымен қатар газдандыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Бүгінде халықтың 50-60 пайызы көмір сатып алған", – дейді көмір қоймасының меңгерушісі Дулат Құсайынов.
Ал тұйықтарда Майкөбе көмірінің бір тоннасының бағасы 12 500 теңге, Шұбаркөл көмірі – 13 800 теңге және Қаражыра көмірінің тоннасы 14 500 теңгеден сатылып жатыр.