Елордада коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

532

Астанада қар күреу жұмысына 1 наурыз күні таңертең 2148 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 

Елордада коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде Фото: gov.kz

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні елордадан 7 мың текше метр қар немесе 508 рейс шығарылды.

Сәрсенбі күні таңертең қала көшелерінен қарын күреп, көктайғақты жою үшін 2 148 жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және жауын-шашынға байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Азаматтардың емін-еркін жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Бұл ретте елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу керек.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,6 млн текше метрден астам қар немесе 290 мыңнан астам рейс шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу