Елордада компаниядан 180 миллион доллар бопсалаған алаяқ сотталды

182

10 жылға бас бостандығынан айыруға шетелдік компания өкілінен қомақты сомадағы ақша талап еткен алаяқ сотталды.

Елордада компаниядан 180 миллион доллар бопсалаған алаяқ сотталды Фото: Polisia.kz

Кінәлі адам өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде көрсете отырып, шетелдік компания директорынан

180 млн. АҚШ долларынан астам қаражат талап еткен. Алаяқ инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталған адамның кінәсін дәлелдеді.

Ол алаяқтыққа оқталу және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салу үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу